30.12.2022, 10:17 49866

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен кетті

Павлодар облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Хасар Хабылбеков тағайындалды
Павлодар. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Олег Крук өз өтініші бойынша Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Павлодар облысының баспасөз қызметі.
 
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Павлодар облысы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары болып Хасар Хабылбеков тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз жылу желілеріндегі апаттан кейін Президент Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен босатып, Олег Крукты өңір әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындаған болатын.
 
7 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны