28.02.2025, 14:15 1816

ОСК аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығыстарының мөлшерін бекітті

2025 жылғы 30 наурыздағы тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметінен.

1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау - 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;

3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.

2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны