20.12.2021, 17:35 75621

Оспанов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Оспанов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: afmrk.gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - Ермек Оспанов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - хабарлады деп Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Ермек Оспанов 1982 жылы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
 
Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Алматы қаласы Қаржылық тәуекелдер департаменті Әдістеме және талдау басқармасының бас маманы болып бастады.
 
2004-2005 жылдары "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Алматы қаласы Қаржылық тәуекелдер департаменті Тәуекелдерді бағалау және анықтау басқармасының Қаржы нарығын зерттеу секторында тәуекел менеджері болып жұмыс істеді.
 
2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 
 
2006 жылы Алматы қаласы Қаржы департаменті Қаржыландыру жоспарларын енгізу бөлімінің бас маманы болды.
 
2006-2015 жылдары әртүрлі ЖШС-ларда инвестициялық менеджер, аға талдаушы, директор қызметтерін атқарды.
 
2016-2017 жылдары "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқарушы директоры болды. 
 
2019 жылы Нұр-Сұлтандағы Kazakhstan Investment Development Fund қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 
 
2019 жылдың 20 қарашасынан 2020 жылдың 3 ақпанына дейін Қазақстан Қаржы министрінің кеңесшісі болды.
 
2020 жылдың 4 ақпанынан 2021 жылдың 2 ақпанына дейін – Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны