15.10.2021, 16:49 46770

Париж соты Tasyapi компаниясының арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды

Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеу қажет.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАЗАН - Париж қаласының соты "Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S." компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 12 қазанында Париж қаласының соты "Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S." (Ташяпы) компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Жәбірленуші соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті. Төрелік шешімге сәйкес Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеу қажет. Қазақстан Республикасы Париж сотына Ташяпының талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, сот Ташяпыны Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді", - деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінде.

 
Автомобиль жолдары комитетінің Ташяпы арасындағы "Ақтөбе - Мақат" жолына құрылыс жүргізу туралы келісімшарттық қатынастар – аталмыш төрелік даудың мәні болды. Талап-арыз сомасы 6,5 млн АҚШ долларын құраған. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының төрелік соты Ташяпының талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді. Төрелік соттың орны да Париж қаласы болған.
 

Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде "Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP" заң фирмасы жалданған", - деп атап өтті ведомствода.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны