20.12.2024, 12:48 41031

Өтірік бағасы: куә жалған айғақтар үшін сотталды

Өтірік бағасы: куә жалған айғақтар үшін сотталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтады.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.

Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура еске салады: жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны