20.12.2024, 12:41 2806

Ақмола облысында мекеме аумағына есірткімен ұялы телефондарды заңсыз алып өтпек болған қаскүнем ұсталды

Ақмола облысында мекеме аумағына есірткімен ұялы телефондарды заңсыз алып өтпек болған қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 2 желтоқсанда Аршалы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, жедел іс-шаралардың нәтижесінде Аршалы кентінің №2 мекемесінің аумағында азамат ұсталды, одан табылған есірткі заттар мен ұялы телефондар тәркіленді.

Қаскүнем мекеме аумағына есірткі заты бар 9 полиэтилен пакетті, сондай-ақ 3 ұялы телефон мен 3 сим картасын заңсыз алып өтпек болған.

Күдіктіге қатысты есiрткi заттардың заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдіктіге жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны