12.09.2022, 14:42 16281

Президент сот әкімшілігін жаңғырту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент сот әкімшілігін жаңғырту туралы Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
 

Облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (соттар әкімшілері) бар "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" мемлекеттік мекемесі облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (Сот әкімшілігі) болып қайта құрылсын", - делінген Жарлықта.

 
Жарлықта Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленеді.
 
Жоғарғы Сотқа Үкіметпен бірлесіп, үш ай мерзімде Сот әкімшілігі туралы ереженің жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны