18.06.2024, 19:34 26936

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен. Қатышев Дархан Маратұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын "Авиациялық инженер-технолог" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Ішкі істер органдарында бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінде сарапшы, бас сарапшы, 2009-2019 жж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны