12.07.2024, 17:54 82086

ҚР МАМ-да қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру талқыланды

ҚР МАМ-да қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарының және басқа да өкілдері қатысты. Қатысушылар қайырымдылық қызметті дамытудың және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін талқылады.

Біздің міндетіміз - қайырымдылық қызметті дамыту және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін құру", - деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова


Жұмыс тобының қатысушылары мемлекеттік органдар мен қайырымдылық қоғамдастықтың бірлескен жұмысы жемісті нәтижелер әкелетінін және Қазақстанда қайырымдылықтың дамуына ықпал ететін заңнамаға елеулі және сапалы өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретінін сөз етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны