18.06.2024, 19:29 26341

"Самұрық-Қазына" Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашады

"Самұрық-Қазына" Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашады, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен. Инклюзияны қолдау кабинеттері елорда мектептерінде жаңа оқу жылында ашылады. Кабинеттер "Charity Samruk Marathon 2024" қайырымдылық шарасынан түскен 125 млн теңгеге жабдықталады. Ерекше балаларға арналған сыныптар №22, №36, №59, №76, №97 мектептерде ашылады. Мұнда балалардың мамандармен жеке жұмыс істеу аймағы, топтық жұмыс жүргізуге арналған аймақ, емдік-денешынықтыру кабинеті, сенсорлық түсіру кеңістігі болады. "Үндеуге бей-жай қарамай, өз үлесін қосқан жандарға алғысымды білдіргім келеді. Қор қоғамдағы инклюзияны дамытуды ерекше назарында ұстайды, біз осылайша әр баланың тең білім алуына қол жеткізгіміз келеді", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны