28.12.2021, 18:07 14021

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясы Президентінің шақыруы бойынша ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді.
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясы Президентінің шақыруы бойынша ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді", - деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.

 
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Путиннің бастамасымен 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуі өтеді.
 
Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысады.
 
РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, кездесу еркін пікірталас форматында, белгіленген күн тәртібінсіз өтеді. Дәстүр бойынша Достастық елдерінің көшбасшылары ұйымның ағымдағы жылғы жұмысын қорытындылап, келешекке арналған негізгі міндеттерді айқындайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны