22.07.2022, 16:04 40856

Шағын бизнесті тексеру туралы мораторийге қатысты ерекшелік Тоқаевтың қарауына енгізілді

Шағын бизнесті тексеру туралы мораторийге қатысты ерекшелік Тоқаевтың қарауына енгізілді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Үкіметі Президенттің қарауына бизнесті тексеруге мораторий енгізу туралы Президент Жарлығына толықтыру енгізу туралы Жарлық жобасын енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
 

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: "14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу", - делінген құжатта.

 
Қазақстанда жер қатынастары бойынша бизнесті тексеруге мораторийдің күші жойылуы мүмкін.
 
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау немесе тиімсіз пайдалану мәселелері бойынша тексерулер жүргізу мүмкіндігі үшін "жаппай қауіп" ұғымын айқындау жөніндегі ұсынымдарды бекіткен болатын. Алайда, "жаппай қауіп" шеңберінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде жергілікті жерлерде бірқатар мәселелер туындайды, атап айтқанда - қолданыстағы Жарлық сәтінде тексерулер жүргізудің заңдылығы мәселесі бойынша тексерілетін субъектілердің шағымдары, олар сот тәртібімен қарау кезінде тежеуші фактор болып табылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 3 млн гектар жайылым заңсыз берілген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны