28.05.2021, 20:29 17446

Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz 5 жаңа қызмет қолжетімді

Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттарды тапсыра алады.
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАМЫР - Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz интернет-порталы арқылы некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттарды тапсыра алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Актілік жазбаның тіркелгені туралы Қазақстанның тиісті шет елдердегі мекемесінен хабарлама алған кезде өтініш беруші дайын куәлікті Қазақстанның шет елдердегі елшілігінен немесе консулдығынан алуы қажет. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік әлемнің 20-дан астам нүктесінде бар", - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінде.

 
eGov.kz. порталының "Отбасы" бөлімінде неке қиюды немесе оны бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алым төлемі туралы чекті жүктеу, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімді келісу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті жолдарды толтырады және сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі - 1 ай.
 

Шетелде баланың тууын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолдарды толтыруы, сұралған құжаттарды, консулдық алымды төлеу туралы чекті жүктеуі және өтінішке қол қоюы қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды", - деп хабарлады министрлікте.

 
Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
 
Қызметтерді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп іске асырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны