06.11.2024, 17:22 58581

Шығыс Қазақстан облысында дропперлерден 62 млн теңгеден астам ақша өндіріліп алынды

Бас прокуратура мен Жоғарғы Соттың бірлескен жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізсіз баю туралы 953-бабы негізінде дропперлерден қаражат жинау тетігі әзірленіп, осы орайда Шығыс Қазақстан облысында сотқа 83 жәбірленушіден 160 млн теңгеден астам сомаға талап-арыздар түсіп, оның 52-сі қанағаттандырылып, дропперлерден 62 млн теңгеден астам ақша өндірілді. Қалған істер қаралуда, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Алайда, егер дропперлердің алаяқтыққа қатысы бар деп танылса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Прокуратура азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

Алаяқтық болған жағдайда, талап қою тәртібі туралы ақпарат алу үшін полицияға немесе прокуратураға хабарласуды ұсынамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны