18.06.2024, 19:21 23841

Шымкентте қадағалау актісі бойынша 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Шымкентте қадағалау актісі бойынша 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасынан.

Қала прокуратурасы қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия шешімінің заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау барысында комиссияның құрамы дұрыс құрылмағаны, құжаттардың өтініш берушілердің қатысуынсыз қаралғаны, кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін негізсіз бас тарту сипатында шешім қабылданғаны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша хаттамалық шешімінің күші жойылып, конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Заң бұзушылықтарға жол берген білім басқармасы бастығының орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қайталама конкурс өткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны