15.02.2023, 18:12 36591

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды
Сурет: elbasy.kz
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Астана. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан басқа, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының ортасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары бірлескен отырыста екі оқылымда Тұңғыш Президент - Елбасы туралы Конституциялық Заңның күші жойылды деп тану туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.

Заңның қабылдануымен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші мемлекет басшысының артықшылығынан айырылады, тек осы мемлекеттің негізін қалаушының тарихи рөлі ғана қалады.

Енді Елбасының құқықтарына Қазақстан Республикасының экс-президенттері туралы бапты қамтитын Президент туралы Заң кепілдік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны