08.11.2024, 12:25 4141
Талғардың жаңа әкімін сайлау күні белгілі болды
Достарға айту
Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Талғардың жаңа әкімін сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімін сайлау 2024 жылғы 15 желтоқсанына тағайындалсын" деп көрсетілген қаулы мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.11.2024, 13:42 2231
Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады
Достарға айту
Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын "Жезқазған - Петропавл" жолы Қазақстанның төрт өңірі арқылы өтеді (СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері), деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұзындығы 359 шақырымды құрайтын учаске Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Дәл осы өңірде ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2025 жылдың соңына дейін 300 шақырым жол жөнделеді.
Қазіргі уақытта өңірде "Жезқазған - Петропавл" жолының 83 шақырымында жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Николаевка және Покровка ауылдары арасындағы 40 шақырымдық учаскені қоса алғанда, Ломоносовка және Ставрополка, Тоқсан би және Новоишимка ауылдары арасындағы 43 шақырымда жаңа асфальт төселді.
2025 жылы тағы 215 шақырым жөнделеді. Бескөл ауылы мен Покровка ауылы арасындағы 69 шақырым, Сергеевка қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 146 шақырым жолда жөндеу жұмыстары өтеді. Сол аралықтарда қазір су өткізу құбырларын ауыстыру және құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
2025 жылдың соңына дейін жолды орташа жөндеуден өткізіп қана қоймай су тасқынынан зақымдалған 24 су өткізу құбырын ауыстырып, тағы 72 су өткізу қыбыры жөнделеді.
СҚО-да "Жезқазған-Петропавл" жолының басым бөлігінде өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек 2017-2018 жылдары Бескөл ауылы мен Петропавл қаласы арасындағы учаске қайта жаңартылды және 2023 жылы Сергеевка қаласы мен Николаевка ауылы арасындағы 51 шақырымдық жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді. Тоқсан би ауылынан Ақмола облысы Есіл ауданына барар жол әбден ескірген.
Жезқазған - Петропавл" автожолының қалған үш өңірден өтетін аралықтары да жөндеуден өтеді. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 113 шақырым, Ұлытау облысында 109 шақырым, Қостанай облысында 71 шақырым жол жөнделеді. Демек, жолдың басым бөлігі жаңартылып, халық игілігіне берілмек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 13:35 2461
Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды
Достарға айту
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе - Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.
Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.
Өз кезегінде Масацугу Асакава Азия даму банкі еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады.
Азия даму банкі президентінің сапары аясында жалпы құны 300 миллион доллардан асатын "Қызылорда - Жезқазған" автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:54 3416
Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды
Достарға айту
Жетісу облысы прокуратурасымен есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.
Нәтижесінде "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.
Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 10:31 6761
ІІМ-де алаяқтықтың түрлері туралы айтылды
Достарға айту
Биыл 10 айда 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Eң көп тараған тәсіл - сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері осындай 6216 қылмыс тіркелді.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:
- тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз;
- тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау туралы келісіңіз;
- тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Азаматтар күмәнді брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына тап болуда. 1957 қазақстандық тұрғын осындай жүйенің құрбаны болды. Олар өз ақшаларын "жоқ" инвестициялық жобаларға салған. Тіпті, бұл үшін несие алғандар да бар. Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте "менеджерлермен" және "брокерлермен" барлық қарым-қатынас онлайн режимде өтеді. Қаскөйлер үлкен қаржыны тарту үшін дивидендтерді бір рет төлеуді де жүзеге асырады.
Жиі кездесетін тағы бір әдіс - банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан жасалатын телефон қоңыраулары. Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары танып, бұғаттайды. Аталған жүйе іске қосылған сәттен бастап 63 млннан астам қоңырау тоқтатылды. Қазір негізінен sim-box құрылғысының көмегімен шетелдік нөмірлерден және WhatsApp-та қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Aғымдағы жылы мұндай 4391 қылмыс жасалды.
ІІМ киберқылмыстардың алдын алуға және оларды ашуға бағытталған шаралар қабылдап келеді. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. Осындай келісімдерге хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы) қол қойылды. Барлық өңірлерде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша "Киберпол" мамандандырылған топтары құрылып, жұмыс атқаруда. Ведомство шетелдік әріптестермен де өзара іс-қимылды күшейтуде.
Сондай-ақ біз сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Тек ағымдағы жылы БАҚ-та профилактикалық сипаттағы 10,5 мыңнан астам материал жарияланды, - деп хабарланды министрлікте.
Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас үшін:
- банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кредиттерді ресімдеу, мүлікті сату және ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару туралы "телефон" нұсқауларын ешбір жағдайда орындамаңыз;
- ешкімге өзіңіздің дербес деректеріңізді, банк карталарының CVV-кодтарын, құпиясөздерді бермеңіз;
- бөгде адамдардың өтініші бойынша телефонға қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпаңыз.
Олар алаяқтарға сіздің құрылғыңызға кіруге мүмкіндік бере алады;
- тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде белгісіз және тексерілмеген сайттарға сенбеңіз;
- күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз;
- қосымшаларды орнату үшін тек App Store және Play Market сияқты ресми көздерді пайдаланыңыз;
- шоттарыңыздағы ақшаның қозғалысын жиі тексеріңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 10:19 7361
Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Осы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 17:05 29066
Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды
Достарға айту
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.
Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.
Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.
2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 17:00 29266
Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды
Достарға айту
2013 жылы жергілікті атқарушы органның қаулысымен ЖШС-ке синтетикалық жіп және микрофибрадан және басқа да тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдар шығаратын зауыт салу үшін ауданы 2,0 га жер учаскесін берді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Алайда, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Шымкент қалалық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында учаскенің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтыны анықталды.
Департамент ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұйғарым берді.
Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кадастрлық құны 70 млн. теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 16:55 28051
Республикалық маңызы бар күре жолдарда 12 отандық технология сынақтан өтуде
Достарға айту
Республикалық маңызы бар күре жолдарда 12 отандық технология сынақтан өтуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігі жол құрылысы саласына жаңа технологияларды енгізу жұмысын тұрақты негізде жүргізеді.
Саланы дамыту аясында "ҚазжолҒЗИ" АҚ пилоттық режимде жол құрылысында қолданылатын материалдар мен инновациялық технологиялардың бірыңғай базасын іске қосты. Басты мақсат - автожолдардың сапасын жақсартып, сала ашықтығын қалыптастыру.
Қазіргі уақытта базаға 112 өнім атауы енгізілді. Оның 37-сі "жасыл мәртебе" (зертханалық және мониторингтік бақылаудан өтті), 23-і "сары мәртебе" (зертханалық сынақтардан кейін тәжірибелік учаскелерде бақылау), ал 52-сі "сұр мәртебеге" (бастапқы зертханалық сынақтардан өткен өнімдер). Деректерді жүйелеу автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыратын ең тиімді шешімдерді анықтауға және пайдалануға көмектеседі.
Тәжірибелік учаскелерде биыл бірқатар отандық әзірлеме сынақтан өтіп жатыр. ҚазжолҒЗИ ғалымдарының соңғы әзірлемелерінің қатарына жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтын Qsmart-PM битум және асфальтбетон модификаторы (Қапшағай-Күрті трассасының учаскесінде сынақтан өтуде), -25°С дейін төзімді және экологиялық тұрғыда таза QSmart-AntiGlaze көктайғаққа қарсы реагенті (Астана қаласының айналма жолында сынақтан өтуде) және жол таңба сызуға арналған QSmart-RoadPaint ("Алматы-Бішкек" трассасындағы тәжірибелік учаске) жатады.
Сондай-ақ Қазақстанда QELAST модификаторы, "АльфаДоб" адгезиялық қоспасы, сонымен бірге топыраққа арналған түрлі қоспалар, Go Green суық асфальты мен герметик сынақтан өткізілуде.
Аталған технологиялар міндетті түрде екі жыл ғылыми-техникалық сынақтан өтеді.
Бірыңғай базаны құрып, одан әрі толықтыру жұмыстары жолдарды жөндеу және салу шығындарын азайтуға, мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.11.2024, 10:19Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды 08.11.2024, 10:31 6201ІІМ-де алаяқтықтың түрлері туралы айтылды08.11.2024, 12:25 3581Талғардың жаңа әкімін сайлау күні белгілі болды08.11.2024, 12:54 2856Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды08.11.2024, 13:35 1901Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды
01.11.2024, 16:38 112451Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 106896Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды04.11.2024, 12:52 81881Мүгедектікті белгілеу бойынша 77 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды01.11.2024, 16:27 79996Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді04.11.2024, 12:12 73126Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ливаннан қазақстандықтар эвакуацияланды
24.10.2024, 16:52 138106Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 134776Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 132141Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 127691Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 127566Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді