25.06.2024, 12:51 29181

Талдықорғаннан Өскеменге баратын жол 2024 жылдың соңына дейін тапсырылады

Талдықорғаннан Өскеменге баратын жол 2024 жылдың соңына дейін тапсырылады
Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолының құрылыс барысы Мемлекет басшысының ерекше назарында.


Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады.

✅Жолдағы құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.

Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.

Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны