05.01.2022, 02:49 7156

Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізді

Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізді
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАҢТАР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 қаңтардағы 01 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды.
 
Президент өзінің теледидарлық үндеуінде атап өткендей, ол іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырды. 
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2 қаңтарда газ бағасының литріне 120 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты Маңғыстау облысында митингілер басталды.
 
ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істей бастады. Наразылыққа жауап ретінде Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы жергілікті билік газ бағасының литріне 50 теңгеге дейін төмендегенін хабарлады.
 
Бұған дейін Қазақстан Президенті демонстранттарға жүгініп, олардан деструктивті адамдардың үндеуін орындамауды өтінді.
 
Қазақстанда наразылық аясында интернетпен іркілістер байқалады.
 
Kcell ұялы байланыс операторының мәліметінше, Алматыдағы байланыс үзілістері "терроризмге қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы құзыретті органдардың іс-қимылдарымен" байланысты.
 
Сонымен қатар, Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00 шамасында интернет-мессенджерлер мен әлеуметтік желілер пайдаланушылар үшін жұмысын тоқтатты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны