12.07.2022, 18:34 18071

Тоқаев қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Заңға қол қойды

Тоқаев қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Заңға қол қойды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық пирамидаларды жарнамалаған адамдарға қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Заң жобасында қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру және оларға басшылық ету үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру енгізіледі.
 
Сондай-ақ заң қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне тергеулігін айқындайды.
 
Бұдан басқа, құжатта әкімшілік құқық бұзушылықтардан қылмыстық іс-әрекеттердің аражігі ажыратылады, жеке және заңды тұлғалардың ақшасы мен өзге де мүлкін осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына тартуға байланысты қызметті жарнамалауға тыйым салынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны