28.01.2022, 18:11 59281

ТОҚАЕВ БІРАУЫЗДАН NUR OTAN ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ТОҚАЕВ БІРАУЫЗДАН NUR OTAN ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
Сурет: Nur Otan
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАҢТАР - Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Nur Otan" партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, "Nur Otan" партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды ұйыстыру жұмыстарына кірісуге дайындықты білдіреді. Осы ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестік болатынына кепілдік беремін. Менің конституциялық міндетім – барлық билік тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны