04.01.2022, 18:20 10866

Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізеді

Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында: "Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді", - деп мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді.
 

Кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады", - деп мәлімдеді ведомствода.

 
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті
 
Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облысының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне қарсы митинг өткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны