04.10.2021, 19:39 47098

Тоқаев Гвардейский кентіндегі ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа үйлерді аралап көрді

Сонымен қатар, Тоқаев жаңадан ашылған спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді.
ТАРАЗ. 4 ҚАЗАН - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейский кентіне сапары кезінде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ қызметкерлері үшін жаңа үйлер мен спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арнап салынған тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отандық және шетелдік ғылыми мамандарға арналған 180 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы баяндады.
 
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиһаздармен толық жабдықталған жаңа пәтерлер көрсетілді. Үйлерді салуға республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бірінші үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталды. Көпқабатты үйлердің құрылысы толық бітіп, барлық инженерлік желілер тартылған.
 
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Гвардейский кентіндегі жаңадан ашылған спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді.
 
Президентке спорт нысанында екі ауысымда 120 адам жаттыға алатыны жөнінде айтылды. Спорт кешенінде волейбол, футбол, күрес, бокс, таэквондо және каратэ залдары бар. "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында нысан құрылысына республикалық бюджеттен 431 миллион теңге бөлінген. Аталған жобаның мақсаты – жергілікті тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту.
 
Мемлекет басшысы жас спортшыларға табыс тілеп, оларға тренажер жабдықтарын сыйға тартты.
 
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы QazVac вакциналарын шығаратын Биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысудан басталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны