16.06.2022, 15:48 41301

Тоқаев мемлекет атауының өзгеруіне қарсы шықты

Тоқаев мемлекет атауының өзгеруіне қарсы шықты
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш Ұлттық құрылтай барысында мемлекет атауының өзгеруі туралы айтты. Оның айтуынша, кейбір азаматтар ел атының "стан"-ға аяқталуына қарсы, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

 
Ең басты мәселе, Президенттің пікірінше, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. 
 

Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", - деді Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны