31.01.2022, 16:32 16736

Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттігін кеңейтті

Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттігін кеңейтті
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгеріс енгізді.
 
Президент Жарлығымен Мемлекеттік хатшының бұрынғы функцияларына жаңа өкілеттіктер қосылды.

Президенттің 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерге ие:
 
1) Енді Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірлейді.
 
2) Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынаста Президенттің атынан өкілдік етеді.
 
3) Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.
 
4) Бұған қоса, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
 
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:
 
- әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорттың;
 
- Мемлекет басшысы жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың:
 
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия;
  • Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия;
  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия;
  • әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия;
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді.
 
- Президент тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Ақпарат көзі: egemen.kz


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны