16.05.2022, 15:57 15856

Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына орай өтеді.
Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді
МӘСКЕУ. 16 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Іс-шара 16 мамырда Кремльде өтеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, жиынға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады. 
 
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына орай өтеді. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды. 2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны