02.03.2021, 19:03 7904
Тоқаев Қырғызстан Президентімен келіссөздер өткізді
Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан өтіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізу үшін резиденцияның "Шығыс залына" барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өтті.
Бұл Қазақстанға деген үлкен құрмет. Сапарыңыздың рөлі, мағынасы айырықша деп айтуға болады. Себебі бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастарға үлкен серпін береді. Шын мәнінде сапарыңыздың бағдарламасы ауқымды. Сондықтан біз бүгін ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасамыз. Құдай қаласа, екі халықтың мүддесіне сай тиісті келісімдерге қол жеткіземіз деп ойламын", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз байланыстары арасында дәстүрлі достықтың бар екеніне, сондай-ақ, Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас мемлекет қана емес, бауырлас мемлекет екенін жеткізді.
Бұл дәстүрді жоғары бағалаймыз. Алдымызда тұрған міндетіміз осы дәстүрді жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің маңызы зор", – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде, Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырғанына ризашылығын білдірді. Садыр Жапаров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін сипаттай отырып, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.
Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанмын. Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки, Бөліп берген егізге уыс нанын", – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді, Қырғыз Президенті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.03.2025, 16:20 56836
Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті. Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады.
Ұзындығы шамамен 200 км су құбырынан басқа, жобаны іске асыру өнімділігі тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасын және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын салуды көздейді. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын растады.
Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 16:15 57086
Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді
Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттің тиісті Жарлығы шеңберінде мемлекеттің экономикалық үдерістерге қатысуын қысқарту және бәсекелестікті арттыру шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралып, жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру және үдерісті жетілдіру шаралары талқыланды.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін тексеру әрі өзектендіру жұмысы аяқталды. Жекешелендіру үдерісін жандандыру және жетілдіру шеңберінде кепілдік жарналарды қамтамасыз ету үшін "электронды әмиянды" енгізу, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру мерзімін ұлғайту, сондай-ақ қосымша ресурстар бойынша сату туралы хабарламаларды жариялауды қосқанда, нысандарды сату қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңға тікелей сатудан бас тартуды және мүлікті тек аукциондар арқылы беруді көздейтін түзетулер әзірленді. Жер беру тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шөлді және шөлейт аймақтарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 100%-ы цифрландырылды.
Бүгінде әкімшілік заңнамаға бизнесті негізсіз араласудан қорғауға бағытталған түзетулер енгізілді.
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға/таратуға жіберілді. Сонымен қатар 21 нысан саудаға шығарылып, 155 нысан сатылымға дейінгі дайындықта.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр экономиканы ырықтандыру, оның ішінде қамтылатын салаларды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 16:12 57541
Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды
Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданды
Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
21.01.2025 жылы Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша бұрынғы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Нуралиев және «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темиргалиге қатысты Тараз қаласы №2 сотының 26.03.2024 жылғы ақтау үкімінің күшін жойды.
Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданды.
Аталған тұлғалар пандемия кезінде Байзақ ауданындағы мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған жабдықтарды сатып алу барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 16:10 58436
"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен инвесторларды қолдау және бизнесті қорғау мақсатында "Инвестициялық керуен" акциясы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Акция аясында облыс прокуроры Ризабек Ожаров "Aksa Energy Kyzylorda" ЖШС-нің жылу электр станциясының құрылысымен танысып, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жоба инвесторларымен кездесті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.
Акцияның мақсаты - инвесторлармен кездесу, заңнама талаптарын түсіндіру, проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру.
Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы атап өткендей, прокуратура органдары ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуде.
Осыған орай бүгінгі шараны "Aksa Energy Kyzylorda" ЖШС-нің жылу электр станциясының құрылыс алаңында бастауды жөн көрді.
Сонымен қатар, биыл қаңтар айынан бастап, заңнамалық түзетулер күшіне енгенін, бұл мемлекеттік органдардың прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тарту, оның қызметін тоқтатуға және басқа да шектеулер енгізуге құқығы жоқ екендігін түсіндірді.
Бұл мемлекеттік органдардың прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тарту, оның қызметін тоқтатуға, лицензияларды қайтарып алуға және басқа да шектеулер енгізуге құқығы жоқ дегенді білдіреді.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіп келеді.
Мәселен, 2024 жылы жалпы 742 млрд теңгені құрайтын 24 инвесторға прокуратура органдарымен көмек көрсетілгенін атап өтті.
Өз кезегінде "Марал-Нұр" ЖШС-нің өкілі облыс прокуратурасына мемлекеттік органның шектеулер мен кедергілерді жоюына ықпал еткені үшін алғысын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 16:07 58001
Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжат 137,2 млрд теңгені құрайтын 118 шараны қамтиды және туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасын, цифрлық шешімдерді, қауіпсіздік жүйелерін дамытуға, сондай-ақ инвестиция тартуға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, демалыс орнын жаңғырту негізгі бағыттарды, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салуды, экологиялық және спорттық туризмді дамытуды, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысын қамтиды. Атап айтқанда, Қатаркөл көлінің жанында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру қарастырылып отыр. Жөкей көлінің маңында кемпингтер, глемпингтер және жаңа туристік бағыттар ашылады, ал Кіші Шабақты көлінде жалға беру стансалары, қайық тұрағы, жағалау инфрақұрылымы мен жағажайлар болады.
Қысқы демалыс түрлерін дамыту кеңінен жоспарланған, олардың арасында шаңғымен сырғанау ерекше сұранысқа ие. Спорттық жабдықтарды жалға беретін, тамақтану орны мен кәдесый дүкендері бар шаңғы базасын ұйымдастыру көзделуде.
Курорттық аймаққа қол жеткізудің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымы, оның ішінде визит-орталықтары бар көпдеңгейлі тұрақтар және тамақтану пункттері салынады.
Жоспарды іске асыру келуші туристер санының 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғаюына, туризм саласындағы жұмыспен қамту көрсеткішінің 22 мыңнан 32,5 мың адамға дейін өсуіне және 22,7 млрд теңге мөлшерінде жеке инвестициялар тартуға әкеледі деп күтілуде. Өңір экономикасындағы туризм үлесі 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғаюы тиіс.
Курорттық аймақты дамыту Қазақстанның өңірдің туристік картасындағы ұстанымын нығайтады, сондай-ақ ішкі туризмнің тартымдылығын арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 09:29 59126
Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
Статистикаға сәйкес, Skills Enbek кәсіби онлайн оқыту платформасында пайдаланушылардың 60%-дан астамы әйелдер. Бұл ретте олар кем дегенде бір курсты аяқтап, шамамен 81% сертификат алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәселен, 1 наурыздағы жағдай бойынша порталда 527,5 мың пайдаланушы тіркелген, оның 433,4 мыңы оқуын аяқтаған. Сәйкесінше тіркелендер арасында әйелдердің үлесі 62%-ды құраса, оқытудан өткендердің 61% нәзік жандылар.
Оқуын аяқтаған әйелдердің ең көп саны Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары.
Білім алушы әйелдердің орташа жасы - 38 жас, ең кішісі - 14 жас, ал ең үлкені - 78 жаста. Сонымен қатар 140 және 182 курсты меңгерген әйелдер де бар.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары бойынша курстарға әйелдер көптеп жазылуда. Әйелдер оқитын ерекше курстардың ішінде "Автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру", "Жылу желілерінің жабдықтары, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу", "Дәнекерлеу өндірісінің негіздері", "Электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электр слесарлық жұмыстар", "Қазандық агрегаттарына қызмет көрсету және жөндеу" бар.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары әйелдерге курстарды таңдау бойынша ұсыныстар берді. Олардың айтуынша, кәсіпкерлік, IT-сала, маркетинг, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қызмет сияқты танымал бағыттарға назар аудару қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы жынысына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығына сапалы білім алуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстандағы онлайн-оқыту саласын жақсартуға арналған. Платформада азаматтарға жаңа білім алуға және біліктілігін арттыруға көмектесетін түрлі бағыттар бойынша 859 курс ұсынылған. Курсты дербес компьютерлер арқылы да, Enbek мобильді қосымшасында смартфон арқылы да оқуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 17:04 83376
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді
Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал-Тоқабай-Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман-Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны - шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.
Осы жобаларды іске асыру сапалы суға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын едәуір жақсартуға жағдай туғызады.
Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту Үкімет жұмысының маңызды басым міндеттерінің бірі болып саналатынын атап өту қажет. Іс-шаралар Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 17:02 83571
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды.
Нарықтық механизмдерге сүйене отырып, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.03.2025, 17:02Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді 06.03.2025, 17:04 83356Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді04.03.2025, 15:58 632762025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда04.03.2025, 15:56 63266Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды04.03.2025, 15:41 63116ШҚО-да көше жарығын ауыстыруға бөлінген миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
13.02.2025, 08:03 269631ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 260741Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207326Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 175416"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168821Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді