10.12.2021, 19:39 119194

Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді
НҰР-СҰЛТАН. 10 ЖЕЛТОҚСАН - Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға ЖЕЭК Құрметті Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
 

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады", - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

 
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де "Хабар-24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны