17.07.2024, 15:09 51201

Вице-Министр С. Есімханов Атырау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды

Вице-Министр С. Есімханов Атырау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды
Вице-Министр С. Есімханов Атырау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылау аясында Атырау қаласының жылу электр орталығы пен жылу желілеріне барды.

Бекітілген кестеге сәйкес ЖЭО-да №6 турбинада жанғырту жұмыстары жүргізілуде. № 3, 4 қазандықтарды және № 10 турбинаны жөндеу аяқталды. № 1,13 қазандық пен № 12 турбинаны жөндеу мерзімі жақындаған жоқ.

2024 жылға "Атырау жылу желілері" АҚ-ның 17,619 км жылу желілерін күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні - 7,264 км жылу желілері орындалды, бұл жылдық жоспардың 41,2% - құрайды.

Жұмыстар бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, материалдарды жеткізу 100% жүзеге асырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны