18.07.2024, 17:02 24396

Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салу жоспарлануда

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті. Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы "Келінтөбе" магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарда бар. "Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны