14.10.2024, 12:35 18161

Жәнібек Тайжанов ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жәнібек Тайжанов ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Көлік министрінің бұйрығымен Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, ұзақ жылдар бойы "Қазақстан темір жолы" ҰК филиалдарында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаменті директоры.

2019-2022 жылдары - ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Қазақстан темір жолы" ҰК "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы - бас директоры.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны