08.11.2024, 12:54 77536

Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды

Жетісу облысы прокуратурасымен есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.

Нәтижесінде "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.

Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны