Ортағасырлық Сарайшықтан көне кесененің дромосы табылды
Сурет: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығынан көне кесененің дромосы табылды.
Махамбнт ауданында орналасқан тарихи мекенде археологиялық қазба жұмысы жүріп жатыр. Ғалымдардың пікірінше, дәл мұндай нысан бұрынғы зерттеулерде кездеспеген. ХV-XVI ғасырларға тән нысан күйдірілген кірпіштен қаланған. Алайда кесененің күмбезі қирап қалған. Ал жабық дәлізі сол қалпында сақталған.
Мұндай кесенелер Сарайшық қаласында бұрында да анықталған. Бірақ олар қатты бүлінген еді. Бұл кесененің дромосы толық сақталып қалған. Әзірге алдын ала болжам бойынша мұнда мәртебелі адамдар жерленген болуы мүмкін", - дейді археолог Амангелді Заинов.
Оның айтуынша, есігі оңтүстік шығысқа қараған дромостың ұзындығы - 170, биікті - 60 сантиметр. Әзірге дәліз жартылай қазылған. Қазба жұмысы үш бөлікке бөліп жүргізілді. Дәлізге жалғасқан көлемді қабірдің қабырғасы табылды. Анықталған қабырғаның ұзындығы - 6, биіктігі - 1 метр, қалыңдығы - 55 сантиметр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.