22.07.2024, 14:46 14791

60 кг-нан астам психотроптық зат: ҰҚК Түркістан облысында есірткі зертханасын жойды

60 кг-нан астам психотроптық зат: ҰҚК Түркістан облысында есірткі зертханасын жойды
А.ж. 11 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен. Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды. 60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған). Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны