03.10.2023, 12:11 39776

Ақмола облысында тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған
Ақмола облысында тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды
Сурет: Depositphotos
Қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобаның бөлімшесінің қызметіне ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тосқауыл қойды, деп хабарлайды мекемінің баспасөз қызметінен.

Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында өз қызметін жасаған.

«Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсетті.

Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны