19.06.2024, 12:30 42436

Ақмола облысының суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісі анықталды

Ақмола облысының суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісі анықталды
Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен. Степногорск қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленді. 20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді. Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты. Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны