19.02.2024, 21:46 19091

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінуде

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінуде
Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалымен «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген.

Алайда 3 шаруашылықпен ірі қара малдары сатып алынбай, жалпы сомасы 189,5 млн. теңге несие қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны