05.03.2024, 14:02 34866

Ақтау әуежайында "жұтқыштар" деп аталатын кезекті есірткі курьерлері ұсталды

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті
Ақтау әуежайында "жұтқыштар" деп аталатын кезекті есірткі курьерлері ұсталды
Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 21 ақпанда Ақтау қ. халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны