29.09.2023, 13:41 28301

Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда
Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны