13.02.2024, 19:39 20976

Алаяқ-бухгалтер казинода шамамен 400 млн. теңгеге ұтылған

Алаяқ-бухгалтер казинода шамамен 400 млн. теңгеге ұтылған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс бейімділікке бармауды ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны