04.09.2024, 16:29 23716

Алаяқтық жолмен криптовалютаны иеленген Алматы қаласының тұрғыны сотталды

Алаяқтық жолмен криптовалютаны иеленген Алматы қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалютаны алып сату бойынша мәміле жасалған.

Белгісіз "X" азамат жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған.

Нәтижесінде ол жәбірленушінің 67 млн тенге көлемінде ақша қаражатын иеленді.

Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны