08.09.2023, 10:35 14791

Алматы облысында атыс салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жараланды

Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады
Алматы облысында атыс салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жараланды
Сурет: Polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы облысында атыс қатысушыларын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Іле ауданының ОАА-ға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді.

Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны