19.02.2024, 20:20 16216

Алматы облысындағы білім бөлімінің басшысы ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды
Алматы облысындағы білім бөлімінің басшысы ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны