20.02.2024, 19:47 16781

Алматы облысында өзінің азаматтық некедегі күйеуін көлік астына итеріп жіберген жіберген әйел 10 жылға сотталды

Алматы облысында өзінің азаматтық некедегі күйеуін көлік астына итеріп жіберген жіберген әйел 10 жылға сотталды
Сурет: Depositphotos
Алматы облысында өзінің азаматтық некедегі күйеуін көлік астына итеріп жіберген жіберген әйел 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 19 ақпан күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарылды.

2023 жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген.

Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып кеткен.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда: сотталушының айғақтарымен, күәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен.

ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау болып табылады.

Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны