18.06.2024, 18:57 43241
Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі
Достарға айту
Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ақшыл түсті ұнтақты зат салынған екі бума табылды және тәркіленді.
"ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде ашық түсті ұнтақты заты бар тағы бір бума тәркіленді. Жатын бөлмеден кереует астынан екі Байкал пневматикалық және травматикалық тапанша және 12 калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат героин есірткі заты болып шықты. Қарудың кімдікі екендігі анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Ұсталған азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғандығы белгілі болды.
Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.09.2024, 17:52 1291
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңгені құрады
Достарға айту
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері арнайы бағдарламалық кешеннің көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады. "Қорғау" жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.
Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Жолдардағы жауапсыз мінез-құлық көбінесе қайғылы оқиғаларға әкеледі. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көптеген шетелдік көлік жүргізушілері жазадан құтыла алады деп үміттенеді, бірақ олай емес.
Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады. Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан астам фактісі тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2024, 14:01 1641
Қазақстан тұрғыны өз органдарын 9 млн теңгеге сатпақ болған
Достарға айту
Қазақстан тұрғыны өз органдарын 9 млн теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасынан.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында "E" есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған "E" есімді азаматты ұстады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 13:59 5201
Қостанай облысының балабақшаларында тамақ бағасы негізсіз көтерілген
Достарға айту
Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында бөбек жайларда тамақтану бағаларын негізсіз қолдану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасынан.
Атап айтқанда, балабақшаларда ата-аналық төлем мөлшерін қалыптастыру кезінде жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағалары жоғары бағамен ескерілген, ал жекелеген өнімдер мүлдем сатып алынбаған.
Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бағалар өзгертілді, балабақшалардағы тамақтану құны 2 мың теңгеге төмендетіліп, 309 ата-ананың құқықтары қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:25 8851
Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды
Достарға айту
Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты.
Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:19 9041
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі
Достарға айту
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қосбармақ" қыстауында "Қарасора" операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:11 8651
Ақбөкендерді мотоциклмен қағып өлтірген: Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды
Достарға айту
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қосбармақ" қыстауында "Қарасора" операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 13:22 9406
Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі анықталды
Достарға айту
Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласының аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.
Аталған кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді.
Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
ҚМА "Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жататынын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және оның айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі "Астана" Халықаралық қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.09.2024, 18:50 12226
Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды
Достарға айту
Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасора" операциясы барысында полицейлер есірткіні жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады. Оның үйінен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды бейнелеуге арналған 6 трафарет табылды.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні жарнамалағаны үшін ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.09.2024, 11:30Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады 27.09.2024, 15:24 9746Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті27.09.2024, 15:32 9476Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті27.09.2024, 17:46 9111Астанада қоғамдық көлікке арнап 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды27.09.2024, 17:57 8731Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді
25.09.2024, 18:46 51566Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды25.09.2024, 18:45 49761Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді26.09.2024, 18:14 42546Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:23 40311Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр26.09.2024, 16:35 40056«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды
29.08.2024, 17:19 113051Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 108826Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 108686Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді29.08.2024, 17:15 104101Қазақстандық шаруалар жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша 8 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды29.08.2024, 16:42 102941Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттады