11.07.2024, 12:29 52101

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.

05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қадағалау қызметінің өзекті бағыттарының бірі болып қалуда.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны