12.02.2024, 13:42 18186

Алматыда "Қазкоммерцбанк" іс бойынша құны 45 млрд теңгелік мүлік тәркіленді

Мүлік мемлекет меншігіне берілді
Алматыда "Қазкоммерцбанк" іс бойынша құны 45 млрд теңгелік мүлік тәркіленді
Алматыда "Қазкоммерцбанк" іс бойынша құны 45 млрд теңгелік мүлік тәркіленді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдары қамауға алынды.

Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны