29.02.2024, 14:02 42976

Алматыда бұрынғы аудан әкіміне мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылықтарға барғаны үшін 9,2 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда бұрынғы аудан әкіміне мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылықтарға барғаны үшін 9,2 млн теңге айыппұл салынды
Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заң бұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасынан.

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заң бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9.2 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 млн. теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 млрд. теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылды.

 



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны