09.02.2024, 19:17 24986

Алматыда кәсіпкерді 21 млн теңгеге алдаған шенеунік құрықталды

Күдікті үй қамағына алынды
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікті, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметнен.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.

Күдікті үй қамағына алынды.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны