28.02.2025, 18:35 2226

Алматыда кезекті SIM-бокс тәркіленді

2025 жылғы 28 ақпанда прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының ҰҚКД қызметкерлері "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ-мен бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Бас прокуратуранан.

Тексеру барысында екі SIM-бокс анықталды, олардың біреуінде нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңыраулар үшін пайдаланылған SIM-карталарға арналған 32 слоты, сондай-ақ түрлі операторлардың көптеген SIM-карталары бар.

Бұған дейін 2024 жылғы 1 қарашада Алматы қаласының прокуратурасы, "Қазақтелеком" АҚ мен "Кселл" АҚ арасында фрод-қоңырауларға қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 2024 жылы бірлескен күштің арқасында Алматыда 14 SIM-бокс машинасының қызметі жойылды.

Қылмыстық топтардың еліміздің басқа өңірлеріне белсенді қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің жәрдемдесуімен Ұлттық қауіпсіздік комитетін жұмысқа қосу туралы шешім қабылданды.

Осылайша Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық топтың жұмысы барысында, соның ішінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Киберқауіпсіздік ақпарат басқармасының жедел сүйемелдеуімен еліміздің 8 өңірінде 202 абоненттік нөмір анықталды. 9 SIM-бокс құрылғысы тәркіленген 8 мекенжай анықталды, 8 адам ұсталды, оның ішінде Ресей Федерациясының 6 азаматы. Сондай-ақ түрлі ұялы операторлардың 8 407 SIM-картасы тәркіленді.

Интернет алаяқтықпен күрес жұмысы жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны